«Заңғар тұлға»

Колледж 1 курс оқушылары 28.02.2019ж. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында өткен Ұлы жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай «Заңғар тұлға» тақырыбындағы ғылыми-танымдық кешіне қатысты. Кештің мақсаты қазақ қоғамы үшін Заңғар тұлға Әбіш ағаның өмірнамасы аса ғибратты, ерен өнегелі екендігін жас өрендерге түбегейлі жеткізу, насихаттау, жастарға патриоттық сезім ұялату. Шара ҚР Журналистер одағының мүшесі, көбіне өлкенің әдебиеті мен өнерінің тарихы тақырыбын көтерген қаламгер Әбілқайыр Спан, «Әбіш әлемі» журналының бас редакторы, ақын, «Дарын» сыйлығының лауреаты Әнуар Бимағамбет, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласы әкімінің Жастар сыйлығының иегері Бақтыбай Жайлаудың қатысуымен өтті.

 PHOTO-2019-03-01-08-57-32PHOTO-2019-03-01-08-57-33PHOTO-2019-03-01-08-57-36PHOTO-2019-03-01-08-57-37PHOTO-2019-03-01-08-57-39